✅Катонқарағай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес демалыс базаларын аралап, демалушыларға концерттік бағдарламалар ұсынып келеді. Осындай кезекті мәдени шара «Баян» емдеу-сауықтыру орталығында өтті.
Концерт барысында әртістер халық әндері мен заманауи шығармаларды орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара соңында емделушілер мен орталық қызметкерлері ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай мәдени кештердің емдеу процесіне оң әсер ететінін ерекше атап өтті.