Катонқарағай ауданында дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды.
Ауданымызда өзгелерге үлгі болатын, тағылымды тарихы бар отбасылар бар. Баршаңызды осы маңызды әрі ізгі байқауға қатысуға шақырамыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз көпшілікке шабыт сыйлайтыны сөзсіз.
Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатыссатын отбасылар қатыса алады. Конкурсқа қатысуға өтінімді 15 маусымға дейін аудандық комиссия қабылдайды. Байқау екі кезеңде өтеді: 1. Аудандық кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін). 2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін). «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
Өтінімді Катонқарағай ауылы, К.Жампейісов көшесі, 19/1 үйдегі аудан әкімдігінің ғимараты, 101 бөлмеге әкеліп тапсыруға болады, байланыс телефон нөмірі 8/702-302-5785.