Аудан әкімі Данияр Дюсембаев қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты аудан имамы Ерлан Исинмен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, мешіт жамағатының жағдайы және тұрғындарға рухани қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, аудан әкімі атынан ауызашар ұйымдастыру жоспары қарастырылды.
Кездесу соңында әкім имамға алғыс айтып, Рамазан айында бірлік пен игі істердің арта түсуіне сенім білдірді.
#Рамазан2024 #Ауызашар #Қайырымдылық #ДіниАхуал
1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 966,41% көрсетті. Ал осы бүкіл кезеңдегі инфляция 837,99 % тең.
Атап өткен жөн, зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестиция, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған абзал. Қысқа мерзімді (апталық, айлық және т.б.) деректер көрсеткіш бола алмайды. Өйткені олар нарықтық жағдайдың үнемі ұшырайтын өзгерісіне тәуелді. 12 айдағы инвестициялық қызметке жасалған талдау бұл деректің растамасы: 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) басқаратын, міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған және соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 15,66%, бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 8,90% болды.
Бәрімізге белгілі, ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтері Қазақстанда және шетелде нарықтық шарттарда әртүрлі валюталарда инвестицияланады. Белгілі бір құралдарға қаражат салу кезінде жаһандық және ішкі факторлар ескеріледі. Зейнетақы активтерін сақтау және кірістілік алу үшін ҚРҰБ пен ИПБ-лар инвестициялық портфельді әртараптандырады: зейнетақы активтері нарықтық жағдайды ескере отырып, белгілі бір көлемде әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Бұл кең таралған әлемдік тәжірибе. Дүние жүзіндегі зейнетақы қорлары зейнетақы капиталын инвестициялау және көбейту үшін тартымды да тиімді мүмкіндіктерді іздестіруін тоқтатқан емес.
Зейнетақы жинағындағы елеулі үлес, әдетте, инвестициялық кіріске тиесілі. Жылдан жылға зейнетақы жинақтарының көлемі ғана емес, ондағы инвестициялық кірістің үлесі де артып келеді. Мысалы, 2014 жылдан бері жинақталған (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша таза инвестициялық кіріс 11,54 трлн теңгеге жетті (салыстыру үшін - 01.02.2024ж. ол 8,6 трлн теңгеден астам сома болған). Жүзеге асырылған төлемдерді ескере отырып, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі 40,9%-дан асты. Бұл азаматтардың жинақтары құрылымындағы инвестициялық қызметтің маңызды рөлін көрсетеді (01.02.2024ж. бұл көрсеткіш 37,1% болған еді).
Алайда, инвестициялық кіріс - құбылмалы мән, ол көптеген факторларға, соның ішінде қаржы нарықтарындағы жағдайға, бағалы қағаздардың нарықтық құнына, валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты. Сондықтан шетел валюталары бағамдарының және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты инвестициялық кірістің мөлшері жекелеген кезеңде оң да, теріс те болуы мүмкін. Мысалы, өткен жылдың соңынан бастап доллар бағамы 499 теңгеден 530 теңгеге дейін кең ауқымда өзгерді, содан кейін қайтадан 500 теңгеге дейін төмендеді. Соның салдарынан зейнетақы активтерін валюталық қайта бағалау апта сайын оң немесе теріс нәтиже беріп отырды. Ал салымшылар зейнетақы жинақтарының инвестициялық бөлігінің уақытша төмендеуін байқады. Мысалы, 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында осындай жағдай орын алды.
Сондай-ақ, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.
Тақырып бойынша бейнетүсініктеме БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
2025 жылджың 13 наурызы күні 10-00, 12-00, 14-30, 16-00, «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) онлайн-форматта Ашық есік күнін өткізеді.
Тақырыбы: «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?».
БЖЗҚ мамандары зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер туралы баяндап береді. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын "кірісті алмастыру коэффициенті" ұғымына ерекше назар аударылатын болады.
Қор қызметкерлері тәжірибеде болған мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, төлем механизмін түсіндіреді, қызықтырған сұрақтарға жауап береді. Ашық есік күнінің негізгі тақырыбын насихаттай отырып, мамандар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ақыл-кеңес береді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймы:
Event-совещание/ Event- жиналыс: |
Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/ «Ашық есік күнінің» |
|||
Адрес совещания для регистрации/ Тіркелу үшін оқиға мекенжайы: |
https://enpf.webex.com/weblink/register/rd3ba9a0d070940b42e2a9d1d87e23e0b |
https://enpf.webex.com/weblink/register/r274459e11115494b159011c084bb238a |
https://enpf.webex.com/weblink/register/r3d1bf933e2fa7e80a7907e943f5eaa61 |
https://enpf.webex.com/weblink/register/r6125d6b422bf70ea8c2d06f7aeba2210 |
Дата и время/ Күні мен уақыты: |
10:00 - 12:00 четверг, 13 марта 2025 г. (UTC+05:00) Астана |
12:00 – 14:00 бейсенбі, 13 наурыз 2025ж (UTC+05:00) Астана қ. |
14:30 – 16:30 четверг, 13 марта 2025г (UTC+05:00) Астана |
16:00 – 18:00 бейсенбі, 13 наурыз 2025ж (UTC+05:00) Астана қ. |
Номер event-совещания/ Event- жиналыс нөмірі: |
2513 350 3075 |
2511 763 6857 |
2519 922 8688 |
2514 414 4203 |
Пароль event-совещания/ Event- жиналыс паролі: |
121134 |
223145 |
321254 |
564421 |
2 наурыз күні Коробиха ауылында көктемнің жарқын жаршысы – Масленица мерекесі кеңінен аталып өтілді. Бұл күн – қысты шығарып салып, көктемді қарсы алатын шаттық пен қуанышқа толы ерекше мейрам.
Мерекелік шара ауыл тұрғындары мен қонақтарының басын қосып, думанды көңіл-күй сыйлады. Дәстүр бойынша, жиналған қауым тәтті құймақтан дәм татып, ән айтып, би билеп, халықтық ойындар мен сайыстарға қатысты. Әсіресе, мереке қонақтары Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының солистері мен “An.Sal.Dar” тобы өнер көрсетіп, ерекше мерекелік көңіл күй мен ұмытылмас әсер қалдырды.
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) халықпен қарым-қатынас деңгейін жақсарту мақсатында заманауи технологиялар мен сандық шешімдерді көптеп енгізуде. 2025 жылдың қаңтар айында халыққа шамамен 10,6 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 2,3 млн астамы электрондық форматта, 8,1 млн. қызмет автоматты түрде көрсетілген. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының 99,1% тең болды. Күндізгі форматта шамамен 98,0 мың қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 95,4 мың қызмет жүзеге асырылған.
Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.
Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 404,5 жетті.
Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 2,8 млн үзінді көшірме берілді. Оның 2,1 млн астамы - электрондық, ал 605,5 мыңнан астамы автоматты түрде рәсімделді.
Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.
2025 жылдың қаңтар айында деректемелерді өзгертуге 14,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 13,1 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды.
БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 3,2 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 68,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 4,1 мыңнан астам материал жарияланды.
Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 65,0 мың.
Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.
БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын бөлігін алу бойынша төмен пайызбен делдалдық қызметтер көрсету туралы ұсыныстар таратылуда. Сондай-ақ, "делдалдар" БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарын алу бойынша жақын арада өзгерістер күтілетіні туралы хабарлайды. БЖЗҚ мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын тағы да қатаң түрде ескертеді.
Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген жағдайларда ғана алуға болатынын ескертеміз. Ең алдымен, ол - зейнет жасы, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектігінің белгіленуі, ҚР аумағынан тыс ТТЖ кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеу мақсатына заңмен бекітілген талаптарды орындаған жағдайда, мына санаттағы азаматтар құқылы:
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы ғана мүмкін. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.
Күмәнді әрекетке қатысуға келісе отырып, сіз ақшаңызды жоғалту қауіпін тудырып қана қоймай, болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз.
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаң кеңес береді.
Барлық сауалдарыңызға жауап алып, өз зейнетақы жинағыңызды мақсатты пайдалану мен аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:
enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,
байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көпарналы тегін байланыс немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,
БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да тексере аласыз.
🔹2025 жылдың 26 ақпанында аудан әкімдігінде өткен жиында ауданымызға арнайы сапармен келген Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қойшинов Қазбек Кадесұлы Катонқарағай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Назарбеков Талғат Сауытұлын таныстырды.
Назарбеков Талғат Сауытұлы 1977 жылғы 2 сәуiрде ШҚО Тарбағатай ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген. 2000 жылы - Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, 2010-2018 жылдары - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары білім алған.
Ұлан ауданында, Өскемен және Астана қалаларындағы мемлекеттік кірістер басқармасында, салық департаментінде бірнеше қызметтер атқарған. 2024 жылдың 27 қыркүйегінен қазірге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы болған.
🔹2025 жылдың 24 ақпанында аудан әкімі Данияр Дюсембаев дербес бөлім басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
✅Жиында бірнеше бөлім басшылары баяндама жасады:
1. 2025 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы - экономика және қаржы бөлімі
2. 2025 жылғы аудан әкімінің хаттамалық шешімдерінің орындалу барысы туралы - ұйымдастыру, бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі
3. Әлеуметтік зерттеу туралы - ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
4. Туризмді дамыту туралы - кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
5. Аэропорт құрылысының барысы туралы - тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
✅Жиын соңында аудан көлеміндегі өзекті мәселелерді шешу мақсатында жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны айтылды. Аудан әкімі мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру және жоспарланған жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету маңызды екенін ерекше атап өтті.
22 ақпан күні Әбдікерім орта мектебінде Шыңғыстай ауылының тумаларын еске алуға арналған жастар арасында волейболдан ашық турнир өткізіліп, құран бағышталды. Жарысқа жалпы 14 команда қатысты.
Нәтижесінде:
🥇1 орынды: Шыңғыстай- 1 командасы,
🥈2 орынды: Жаңа-Үлгі командасы,
🥉3 орынды: Риддер командасы иеленді.
Турнирдің Үздік шабуылшысы- Досбергенов Даулет,
Үздік ойыншы- Қадырханов Әділет,
Үздік қорғаушы - Жақынбеков Ержан,
Үздік қарт ойыншы- Қадырханов Ерсайын,
Үздік жас ойыншы- Байғалиев Дәулет атанды.
Мемлекеттік қызметтің әдеп жөніндегі уәкілі Арайлым Терлікбаева аудан әкімі аппаратының бөлім басшыларымен бірге Өрел ауылдық округіне барып, ауылдық округ әкімдігі мамандарымен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен іскерлік этикет талаптары түсіндіріліп, олардың қызметтік міндеттерді орындау барысында әдеп нормаларын сақтауының маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселелері талқыланды. Қызметкерлерге азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәртібі, өтініштерді уақытылы әрі сапалы қарастырудың маңыздылығы ескертіліп, құжат айналымын дұрыс жүргізу бойынша ұсынымдар берілді. Мемлекеттік-құқықтық бөлім маманы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы кеңестер ұсынып, олармен өзара іс-қимылдың тиімді жолдары жайында ақпарат берді. Сонымен қатар, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.