«ШҚО Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жергілікті        2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қызметінің қорытындысы  туралы

 

  1. Жалпы ережелер.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету электрондық қызметтер порталы арқылы қызметтер алу есебінен сыбайлас жемқорлықты төмендету факторларының бірі болып табылады. 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бекітілген мемлекеттік қызметтің реестріне сәйкес, Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді:

  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  • «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
  • «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
  • «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»
  • «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 17 (жеке тұлғаларға 17, заңды тұлғаларға 0) құрады, оның ішінде баламасыз қағаз нысанда – 0. 

 

  1. Мемлекеттік қызмет алушылармен жұмыс.

 

Бұрыштар мен орталықтар «Электрондық үкімет E-Gov» порталында қолжетімді мемлекеттік қызметтердің 147 түрін, төлемдердің 46 түрін көрсетеді. Барлығы 432 сервис пен қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі: семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар, жәрмеңкелер және өзге де іс-шаралар өткізілді.

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер паспорттары, оларды көрсету және шағымдану тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер орналастырылған.