2023 жылғы 16 тамыздағы 339/НҚ бекітілген мемлекеттік қызметтің ресстрге сәйкес «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 7 (Жеке тұлғаларға 5, заңды тұлғаларға 2) құрады, оның ішінде баламасыз қағаз нысанда – 0.
7 баламалы мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қағаз түрінде – 1 (14,3%);
-«Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы - 1 (14,3%);
- электрондық форматта «Е-Лицензиялау» МДҚ веб-портал арқылы - 5 (71,4%):
Аталған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
01.01.2024 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Бұрыштар мен орталықтар «Электрондық үкімет E-Gov» порталында қолжетімді мемлекеттік қызметтердің 170 түрін, төлемдердің 46 түрін көрсетеді. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы барлығы 156 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі: семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар, жәрмеңкелер және өзге де іс-шаралар өткізілді.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер паспорттары, оларды көрсету және шағымдану тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер орналастырылған.