Үлкен Нарын ауданының «Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қызметінің қорытындысы туралы

Үлкен Нарын ауданының «Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қызметінің қорытындысы туралы

Үлкен Нарын ауданының «Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қызметінің қорытындысы туралы

     Мемлекеттік қызметтер көрсету электрондық қызметтер порталы арқылы қызметтер алу есебінен сыбайлас жемқорлықты төмендету факторларының бірі болып табылады.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 16/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтің ресстрге сәйкес, «Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді.

  • "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"
  • " Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру"
  • "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу"
  • "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"
  • "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою".

2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 35 (Жеке тұлғаларға - 32, заңды тұлғаларға 3) құрады, оның ішінде баламасыз қағаз нысанда – 2. 

35 баламалы мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- қағаз түрінде – 2 (5,7%);

-«Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы - 26 (74,3%);

- электрондық форматта «Е-Лицензиялау» МДҚ веб-портал арқылы  - 7 (20%):

Аталған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.

01.01.2025 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.

Бұрыштар мен орталықтар «Электрондық үкімет E-Gov» порталында қолжетімді мемлекеттік қызметтердің 180 –нен астам түрін, төлемдердің 60 түрін көрсетеді. Бүгінгі таңда барлығы 47 680 сервис пен қызмет көрсетілді.

          Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі: семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар, жәрмеңкелер және өзге де іс-шаралар өткізілді.

          Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер паспорттары, оларды көрсету және шағымдану тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер орналастырылған.