ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының хатына сәйкес "Тұқым шаруашылығы туралы" Заңның 13-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, егіс сапасына сараптамадан өтпеген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын сатуға және себу үшін пайдалануға тыйым салынатынын хабарлаймыз.
Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін басшыларына облыс бойынша "Қазагрэкс" АҚ 045 бюджеттік бағдарлама бойынша тұқым себу сапасына тегін, сондай-ақ ақылы негізде сараптама жүргізетінін жеткіземіз. Тұқымдарды егістік және сорттық сапаларға тексеруден өткен кезде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.