"Стоп Кредит" сервисі және "Қаржы пирамидасы" туралы түсіндірме жұмыстары

“Солоновка орта мектебі” КММ директоры- А.Б.Есекина және "Малонарым орта мектебі" КММ директоры - Р.Б Отчегарова
мектеп қызметкерлері арасында “Стоп-кредит» сервисі және Қаржы пирамидасы жайлы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сөзінде, азаматтарды алаяқтық кредиттерден қорғау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) 2024 жылғы ақпаннан бастап банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту немесе шешімді өзгерту туралы заңнамалық түзетулерді қабылдады. Мұны электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы жасауға болады.
Қаржы пирамидасы — бұл жаңа салымшыларды тарту есебінен баю тәсілі, яғни ол активтерді қайта бөлу және қатысушының бірін басқа қатысушының жарналары есебінен байыту арқылы жүзеге асырылады. Заманауи қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар өздерінің алаяқтық схемаларын түрлі тәсілдермен жасырады, алайда олардың барлығы бір қағидатты ұстанады – ақша оларға жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда ғана түседі. Адамдар мен ақша ағыны тоқтағанда ақ пирамида құлайды.