2025 жылдың 21 сәуірінде "Малонарым орта мектебі" КММ-де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Бұл іс-шараға мектеп оқушылары, ұстаздар және қызметкерлер белсене қатысып, мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаны жақсарту мақсатында еңбек етті.
«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп, мектептер мен білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.Бұл акцияның мақсаты – жастарды табиғатты қорғауға, тазалыққа және еңбекке баулу, сондай-ақ қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыру болып табылады.