“Қайырымдылық керуені”

“Қайырымдылық керуені” жобасы аясында Кіші Нарын мешіті, Солоновка ауылының “Балауса” балабақшасы мен Малонарым ауылының бөбекжайына қайырымдылық жасады🍪
Мешіт тарапынан балаларға қуаныш сыйлау мақсатында әр балабақшаға бір жәшік алма және бір жәшік печенье табысталды. Бұл сыйлықтар балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен тәтті сәттер әкелді! 💖
Қайырымдылық шарасына атсалысқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің игі істеріңіз өзге де жандарға үлгі болары сөзсіз! 🙏