Жамбы атудан үздік спортшылар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатыр
Алматы облысында қыркүйекте Астанада өтетін 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстарына қатысатын жамбы атудан ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны (ат үстінде садақ ату) өтіп жатыр.
«Біз жыл басынан бері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалып жатырмыз. Бұл біз өткізетін оқу-жаттығу жиындарының үшінші кезеңі, алда-тағы бір кезең бар. Жаттығу жиынына біздің ең мықты спортшыларымыздың 2 құрамы қатысады.
«Біз күн сайын дайындаламыз, дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында лайықты өнер көрсетіп, еліміздің намысын қорғаймыз деп сенемін», - деді жамбы атудан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі Ералхан Айкөз.
Еске салсақ, Жамбы ату республикалық федерациясы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді.Қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.