Солоновка ауылдық округінің тұрғындарымен жиналыс

Солоновка ауылдық округінің тұрғындарымен жиналыс

Солоновка ауылының тұрғындарымен округ әкімі Р. Ақылтайдың қатысуымен ауылдық жиыны өтті.

Күн тәртібінде «Таза Қазақстан» акциясын өткізу, мал бағу мәселесі, қараусыз жүрген мал, қаңғыбас иттер және мал ұрлығының алдын алу мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша округ әкімі мен учаскелік полиция қызметкері заң талаптарын, тиісті баптар мен жауапкершілік шараларын жан-жақты түсіндірді. Ал КГП «Нарын Ком Хоз Сервис» мекемесінің өкілі ауылдағы су қызметі бойынша берешегі бар тұрғындардың тізімін атап, қарыз уақытылы өтелмеген жағдайда қолданылатын шаралар мен оның салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар жиын барысында халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі, құжаттарды рәсімдеу жолдары мен мемлекеттік қолдау алу шарттары түсіндірілді. Аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері, отбасының табысын есептеу тәртібі, сондай-ақ тұрғын үй көмегін алу үшін қойылатын талаптар туралы толық ақпарат берілді. Азаматтарға әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша уақтылы жүгіну қажеттілігі түсіндіріліп, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

Жиын барысында тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауылдағы тазалық, қоғамдық тәртіп, коммуналдық қызметтер, әлеуметтік қолдау шаралары және өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.