
Ауылдық округ әкімі Р.Ақылтайдың төрағалығымен жалпы жиналыс өтті. Жиналысқа Аксакалдар кеңесі, Аналар кеңесі, мектептер мен балабақшалар директорлары, ауылдық клуб пен кітапхана өкілдері, сондай-ақ шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Жиналысқа арнайы қонақтар да шақырылды: Үлкен Нарын ауданының Ішкі саясат бөлімі өкілі; Үлкен Нарын ауданының Мәдениет және халықты демалыс орталығы басшысы; Үлкен Нарын ауданының Достық үйінің басшысы.
Жиналыс барысында ауылдық округтің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік дамуы, өскелең ұрпақ тәрбиесі және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері қаралып, талқыланды. Сондай-ақ кездесудің аясында Аксакалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің жаңа төрағалары сайланды.