Үлкен Нарын ауданы прокуратурасы 2025 жылы 23 маусымнан бастап аудан аумағындағы ауылдық округтерді қамти отырып, «Заң және тәртіп» атты кең ауқымды апталық акция өткізілуде.

Үлкен Нарын ауданы прокуратурасы 2025 жылы 23 маусымнан бастап аудан аумағындағы ауылдық округтерді қамти отырып, «Заң және тәртіп» атты кең ауқымды апталық акция өткізілуде.
24.06.2025 жылы аудан прокуратурасының бастамасымен Малонарымка ауылының мәдениет үйінде Солоновка ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу аудан прокуроры Б.Д. Көшербаевтың, Солоновка ауылдық округінің әкімі Р. Ақылтайдың және АПБ УПИ А.С. Дюсуповтың қатысуымен өткізілді.
Солоновка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында, алаяқтық, есірткі айналымы, тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы, әлеуметтік-экономикалық және жер қатынастары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.** Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. Аталған акция ауданның барлық елді мекендерінде жалғасуда.