2024 жылы Солдатово ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Үздік үй» байқауы жарияланған. Байқаудың мақсаты тұрғындардың өз үйін және оның маңайындағы аумақтарын абаттандырудағы белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру болды. Байқау жеңімпаздары:
Аулбаев Жасұлан – 1 орын, Борис Полторанин – 2 орын, Александр Антошко – 3 орын.
«Жас ұрпаққа үлгі» номинациясын Николай Григорьевич Тютеньков иеленді.