Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы

Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы

2024  жылғы 15 қарашада Астана қаласында ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті. Осы форумға 2 мыңнан астам адам жиналды. Іс−шараға фермерлер, шаруа қожалықтардың жұмысшылары,  сондай−ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар қатысты. Солдатово ауылдық округінің әкімі Болат Рахметкалиевич  Кадырмышев форумға  Шығыс Қазақстан облысы делегациясының құрамында қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады.