«Күншуақ» лагерінің алғашқы күні

«Күншуақ» лагерінің алғашқы күні

Бүгін Солдатово орта мектебінде «Күншуақ» жазғы лагерінің алғашқы күні ерекше көңіл-күймен және қызықты іс-шараларға толы өтті. Лагерь қатысушылары үшін мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылып, балалар барлық шараларға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Лагерь жетекшілері Колмакова Н.А., Нұрмұхамбетова А.Б. және аға тәлімгер Л. Әшіров балаларға арналған қызықты ойындар мен танымдық іс-шаралар өткізді. Алғашқы күні балалар бір-бірімен жақынырақ танысып, достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін танысу ойындарын ойнады.

Сондай-ақ қатысушылар спорт кешеніне экскурсия жасап, түрлі спорттық ойындарға қатысып, белсенді демалыс өткізді. Күн соңында балалардың сергіп, тынығуына жағдай жасау мақсатында медитациялық жаттығулар ұйымдастырылды.

«Күншуақ» лагерінің алғашқы күні балаларға жарқын әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жазғы демалыстың тамаша бастамасына айналды. Алдағы күндері лагерімізде көптеген қызықты іс-шаралар мен ұмытылмас сәттер күтіп тұр!