
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, қызықты ойындар мен түрлі көңілді бағдарламалар өткізіліп, балалар мерекенің қызығына бөленді.
Іс-шара соңында барлық оқушыларға балмұздақ таратылып, мерекелік сыйлық жасалды. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық мерекенің басты көрінісіне айналды.
Осындай игі шаралар өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағын қалыптастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.
Барлық бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, зор денсаулық, шаттыққа толы балалық шақ, оқуда табыс және жарқын болашақ тілейміз