
2026 жылғы 30–31 мамыр күндері Вьетнамның Дананг қаласында U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті.
Аталған жарыста Солдатово ауылының тумасы, «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Мұрат Темірлан еркін күрестен 55 кг салмақ дәрежесінде белдесіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 🥉
Бұл жетістік – спортшының қажырлы еңбегі мен табандылығының, сондай-ақ жаттықтырушыларының кәсіби шеберлігінің жемісі.
Солдатово ауылының мақтанышына айналған Мұрат Темірланды және оның жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз