Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру: Солдатово орта мектебінде өткен аудандық семинар

Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру: Солдатово орта мектебінде өткен аудандық семинар

Үлкен Нарын аудандық білім бөлімінің әдіскері А.А Тиянақовтың ұйымдастыруымен Солдатово орта мектебінде «Жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинарда Кабылбаева М.С «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі — химия әлеміне саяхат», Оспанова А.А. «Интеллектуалды ойын Не? Қайда? Қашан?», тақырыптарында ашық ойын сабақтар көрсетіп, Серікжанов С.М, Әширов Л.К. «Сандық мұғалім: Жасанды интеллект дәуірі» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Сонымен қатар семинарда Баймашева М.А., Еркасымова Г.Е., Орумбаева А.А. «Час с психологом. Техники саморегуляции и снятия напряжения для педагогов» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.