📚 2024 жылы "Бір ел- бір кітап"акциясы аясында жалпыхалықтық оқұға көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі,100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін ,қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаев шығармаларын оқу ұсынысы қабылданған болатын.
📚Өрел ауылдық кітапханасында "Бір ел-бір кітап" акциясы аясында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 -жылдығына орай 6 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Муратхан Іңкәрдің қатысуымен" Балалар әдебиетінің бәйтерегі"атты әдеби круиз өтті.
📚Шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оқушылар тарапынан Азатұлы Арнұр "Менің атым Қожа"повесін мазмұнын ашты және оқушылар повестің кейіпкерлерлеріне өздеріңнің көзқарастарын білдірді.Шара соңында "Тәтті викторина" ойыны ойнатылды,викторинадағы сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыға тәттілер таратылды.
Әдеби круиз қызықты да,тартымды өтті.
📚 Құрметті достар!
Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарын бірге оқиық!