Өрел ауылдық округі Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының құрамына енеді, ауылдық округтің әкімшілік орталығы Өрел ауылы болып табылады, ауылдық округтің құрамына Еңбек, Аршаты, Өрел елді мекендері кіреді. Ауыл облыс орталығы Өскемен қаласынан 480 км және аудан орталығы Катонқарағай ауылынан 60 км қашықтықта орналасқан.
Өрел ауылы аудан орталығынан – Катонқарағай ауылынан 60 шақырым, облыс орталығынан-398 шақырым, темір жол станциясына - 210 шақырым қашықтықта орналасқан.
01.01.2019 жылға халық саны 1125 адамды құрайды, аула саны – 321. Өрел ауылы даму әлеуеті орташа ауылдық елді мекендерге жатады. Елді мекеннің ауыл шаруашылық жерлері 6 532 га құрайды, оның ішінде егістік – 664 га, жайылым – 4690 га, шабындық – 1178 га.