📚Өрел ауылдық кітапханасында жерлес ақын Мырзабек Қабыловтың 75 жылдық мерейтойына орай өмірі мен шығармашылығына арналған " Ашайын жан сырымды ашылмаған..." әдеби-поэзиялық кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Тағылымды шара барысында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыған оқырмандарға аудандық тілдерді дамыту орталығының директоры Жұпар Әбилханқызы арнайы Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары С Жакитовтың алғыс хаттарын табыстады.
Кештің әсерлі сәттерінің бірі — ақынның қызы Шынар Мырзабеқызы, ағасы Амангелді Солтақанұлы және қаламгердің замандастары сөз алып, жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Олардың естеліктері кеш мазмұнын тереңдетіп, ақын болмысы мен адами келбетін айқындай түсті.Осы кешті Өрел орта мектебі,ауылдық мәдениет үйі және ауылдық кітапханашы бірлесе ұйымдастырды
Іс-шара аясында ұйымдастырылған кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, оқырмандарға рухани азық сыйлады.
📖 Ұлт руханиятын ұлықтаған мұндай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.