Акция "Таза Казахстан"

Акция "Таза Казахстан"

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ново-Хайрузовка ауылдық округінде сенбілік өтті 🌿

Іс-шараға округ ұйымдары қатысып, аумақтарды тазарту жұмыстарына белсене атсалысты. Сенбілік барысында ағаштарды бұтау, арықтарды тазалау, сондай-ақ қоғамдық және іргелес аумақтарды жинастыру жұмыстары жүргізілді.

Осындай бірлескен еңбектің арқасында округте тазалық пен тәртіп сақталып, көркейту жұмыстары жақсара түседі.