Наурыз 2026

Наурыз 2026

Ново-Хайрузовка ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі кең көлемде әрі ерекше көңіл-күймен аталып өтті 🌿

Округ тұрғындары мен қонақтары көктемнің келуін, жаңару мен берекенің бастауын бірге қарсы алды. Мерекелік іс-шаралар жылы әрі достық атмосферада өтті: ұлттық ән-күй шырқалып, дәстүрлі ойындар ұйымдастырылып, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.

Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге ерекше мән берілді — үлкендер өз ақыл-кеңестерімен бөлісіп, жастар салт-дәстүрлер мен түрлі байқауларға белсенді қатысты.

Наурыз мерекесі барша жұртты біріктіріп, жүректерге қуаныш, мейірім мен жаңа жылға деген үміт сыйлады. Әр шаңыраққа тыныштық, молшылық және бақ-береке тілейміз!