«Жасыл ел – 2025» жобасы басталды!
14 шілде күні округімізде «Жасыл ел» бағдарламасы аясындағы жұмыс бастау алды.
Биылғы жылы қатарымызға 3 жас сарбаз қабылданды.
Ауыл әкімі Нұрмолдин Р. Қ. балалармен кездесу өткізіп:
✅ Жұмыс жоспарымен таныстырды
✅ Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізді
Таныстырудан кейін жас сарбаздар бірден іске кірісті!
Алғашқы акция – «Таза жағалау» табиғатқа деген жанашырлықтың жарқын көрінісі болды.