2025 жылғы 20–21 мамыр аралығында "Қараөткел" шаруа қожалығы Бұқтырма су қоймасында маңызды санитарлық тазарту кезеңін сәтті аяқтады!
Чистояр шығанағынан Трушика шығанағына дейінгі (Үлкен Нарын ауданы, ШҚО) аумақта жұмыстар жүргізілді. Мелиорация барысында:
✅ 19,5 км жағалау сызығы тазартылды,
✅ 3 тонна қоқыс жиналып, шығарылды,
✅ 9 тасталған ау табылып, жойылды.
13 адамнан тұратын команда мен 4 техника бірлігі екі күн бойы су қоймасының тазалығын сақтау және су биоресурстары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында еңбек етті.