15 мамыр – Отбасы күні .

15 мамыр – Отбасы күні .

15 мамыр – Отбасы күні .  Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.  Осы мереке аясында Катонқарағай ауылдық кітапханасында  С.Ластаев  орта мектебінің  3 сынып оқушылары (cынып жетекшілері С.Әшімханова)  арасында « Отбасы бақыты- ел бақыты» тақырыбында сынып  сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар назарына «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесі ұсынылды.  Сынып сағаты бірнеше кезеңнен тұрды.  Бірінші  кезең «Жүректен – жүрекке» деген айдармен өтті. Онда балалар шеңбер жасап тұрып, өз жанұяларының жақсы бір қасиеті туралы айтысты.  Келесі « Ашық микрофон»  кезеңінде оқушыларға отбасы жайлы бірнеше сұрақтар қойылып, сол сұрақтарға жарысы жауап берісті. «Менің отбасым – менің байлығым»  үшінші кезеңде үй тапсырмасы бойынша «Бақытты отбасым» тақырыбында сурет  салып келіп, сол суреттерін қорғап, өздері дайындап келген өлеңдерін жатқа оқыды. Кері байланыс « Тілек тақтасы» кезеңінде  түрлі – түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларына жүрек жарды тілектерін жазып, тақтаға ілісті. Шара балалар үшін өте қызықты  да тартымды өтті, балалар өз ой –пікірлерін  еркін білдіріп, ашық әңгіме өрбітті. Мерекелік  шара соңында балаларға  шағын сыйлықтар табысталып, естелік сүретке түсті.