Меню
Страницы

жергілікті қоғамдастық жиналысының хатамасынан үзінді

2026 жылғы 20 қаңтардағы Белқарағай ауылдық округінде өткізілген жергілікті қоғамдастық жиынының  № 1 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

 

Катонқарағай аудан маслихатының шешімімен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес, жиынға 15 адам жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде, 2025 жылғы жылдық мониторинг есебін тыңдау және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жасалған 2026 жылға арналған жылдық жоспарымен келісу.

        Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есептік баяндама тыңдалып,  бірінші мәселе дауысқа салынып, бірауыздан қолданды.

Шешім:  баяндалған 2025 жылғы жылдық мониторинг есебі қабылданды деп есептелсін.

         Екінші мәселе, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдаланудың жылдық жоспарын келісу туралы округ әкімі К.Нурканов  төмендегідей ұсыныс жасады:

      2026 жылғы жергілікті салық түсімдері жоспар бойынша –11 млн 533 мың теңге;    Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер көлемі -61676,0 мың теңге.  Жер сатудан- 3101,0 мың теңге; Барлық кірістер -76310,0 мың теңге құрайды. Кіріс–шығыс жоспарын төмендегідей көлемде Сіздердің қарауларыңызға ұсынылады:

1). «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша көшелерді жарықтандыруды ұстауға- 15000,0 мың теңге;

2). «Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша- 2500,0 мың теңге;

3). «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша қысқы күтіп ұстауға- 10000,0 мың теңге;

4). Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге- 48810,0 мың теңге. Әр мәселе жеке-жеке дауысқа салынып, көпшілікпен  бірауыздан қабылданды.

Шешімі: 2026 жылға жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға жасалған жылдық жоспары бекітілсін.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты