Әлібек Асқаров

Әлібек Асқаров

Отыздан астам кітаптың авторы-әңгіме жазудың шебері, әдебиетіміздің көрнекті өкілі, Катонқарағай ауданының "Құрметті азаматы" Әлібек Асылбайұлы Асқаровтың туған күніне орай орталық аудандық кітапханасы мен "Аманат" партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Әлібек-әлем немесе суретшіліктен-суреткерлікке" атты шығармашылық оқуларынан байқау өтті. Сол байқауға жазушының "Көккөл" шығармасынан мәнерлеп оқу және "Өр Алтай мен қайтейін биігіңді" атты шығармасынан интермедиялық диалог апарып, белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.