Мемлекеттік қолдау шаралары

Мемлекеттік қолдау шаралары

 Құрметті Алтынбел ауылдық округінің тұрғындары! Мемлекет тарапынан қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылғанын еске саламыз.

Төмендегі қолдау түрлері қолжетімді:

 -    Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

-     Тұрғын үй көмегі

-     Әлеуметтік төлемдер мен консультациялар

-     Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

-     Отбасының мұқтаждық деңгейін бағалау және мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау

Егер Сіздің отбасыңыз әлеуметтік қолдауға мұқтаж болса немесе қосымша кеңес алғыңыз келсе, қажетті ақпарат пен құжаттарды рәсімдеуге көмек алу үшін "Алтынбел ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-не жүгінуге болады.

Анықтама телефоны: 8/72341/2-78-80

"Алтынбел ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Біз Сіздерге ақпараттық қолдау көрсетіп, заңнамада көзделген әлеуметтік көмек түрлерін алуға жәрдемдесуге дайынбыз.