
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасымен 2024 жылғы наурыз айында Telegram мессенджерінде @VKO_URPAQ_BOT боты құрылды.Чат бот балалардың құқықтарының бұзылуы туралы мәліметтерді жинауды және оларға жедел әрекет етуді, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде балалар жарақаттануының алдын алу мен ескерту жұмыстарын, психологиялық және консультациялық көмек көрсетуді көздейді.
Басты мақсаты-балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және жедел қолдау көрсету.