"Таза Қазақстан" акциясы

"Таза Қазақстан" акциясы

Алтынбел ауылдық округінің ұжымдары «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып ауылдық саябақ пен орталық көшені тазартып, қоршаған ортаны көркейтуге үлес қосты.
Әрқайсымыз экологиялық шараға белсене қатыссақ, болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырамыз. Қоршаған ортамыз – өз қолымызда!