Аққайнар ауылындағы ауыз су мәселесі

Аққайнар ауылындағы ауыз су мәселесі

Аққайнар ауылында ауыз сумен қамтамасыз ететін орталықтандырылған су жүйесіне қосымша ұңғыма қазу жұмыстары аяқталды. Бүгін аталған ұңғыманы іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар ауылдың кейбір үйлеріне ауыз судың жеткілікті мөлшерде берілмеуіне байланысты туындаған су тапшылығын шешу мақсатында қолға алынды. Алдағы күндері ұңғыманың жұмысы бақылауда ұсталып, оның тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.