«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ «Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ-та таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілетудің жаһандық бағдарламасы» (бұдан әрі - GCIP-Kazakhstan) жобасын іске асырып жатыр.
Бұл жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының және Жаһандық экологиялық қордың қолдауымен жүзеге асырылады және стартаптарды қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ декарбонизациялау мен орнықты экономикалық өсудің негізгі құралы ретінде жасыл технологиялар саласында инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған.
Бағдарламаға қатысу үшін тіркеу 2025 жылғы 10 наурызда басталып, 1 мамырда аяқталады. Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы мына сілтеме бойынша тіркеле алады: https://gcip.tech/register .
Барлық сұрақтар бойынша жоба менеджері А. Ваисовқа мына нөмір бойынша хабарласуларыңызды: 87755327386 немесе мына сілтеме бойынша WhatsApp тобына кірулеріңізді сұраймыз: https://chat.whatsapp.com/KdbIPfOzIscH4r5JMUVqDz.