«Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру.

«Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру.

Спикер: Амренова Маржан Жомартханқызы – инвестициялар тарту бөлімінің бас маманы

Өнеркәсіптік саясаттың мақсаты бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өнім өндірісін ұлғайту және дамудың шикізаттық моделінен кету жолымен өңдеуші өнеркәсіптің орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне шарттармен ұсынылады:

- өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорнының басым тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды өндіруге бағдарлануы;

- алушының өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын қарсы міндеттемелерді қабылдауы;

- өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алу үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің және ұсынылған құжаттардың өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі.

Басым тауарлар тізбесіне сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларына мыналар жатады:

1) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру;

2) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктер беру;

3) қаржы институттары арқылы кредит беру;

4) қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау;

5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;

6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

7) жер учаскелерін беру;

8) ішкі нарықта ынталандыру;

9) Өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету, оларды іске асыруға жәрдемдесу;

10) еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру;

11) аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру;

12) берешекті қайта құрылымдау;

13) өнеркәсіптік гранттар беру;

14) «Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 86 – VII ҚРЗ Заңына сәйкес өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де шаралар.