Ержан Тәтішев Қоры 2023 жылғы білім гранттары байқауына өтінімдер қабылдау мерзімін 31 мамырға 2023 ж. дейін созды. Өтінімдер «БесТірек» бағдарламасы және «Кәсібіңді таңда!» бағдарламасы бойынша қабылданады.

Ержан Тәтішев Қоры 2023 жылғы білім гранттары байқауына өтінімдер қабылдау мерзімін 31 мамырға 2023 ж. дейін созды. Өтінімдер «БесТірек» бағдарламасы және «Кәсібіңді таңда!» бағдарламасы бойынша қабылданады.

«БесТірек» Бағдарламасы

Бағдарлама болашақ кәсіпкерлерге жол ашады. Бағдарлама мақсаты – кәсіпкерлікке ұмтылысы бар және көшбасшылық қабілеті бар белсенді жастарды қолдау. Гранттар білім деңгейі, жетістіктері мен жеке қабілеттеріне сүйене отырып өткізілетін байқау негізінде тағайындалады. Гранттар Алматы Менеджмент Университетіне «бизнес-администрирование в области предпринимательства» мамандығына беріледі. Байқауға бакалавр дипломымен қатар жеке ісін ашқысы келетін және оған қажетті машықтарды дамытуға ұмтылысы бар қазақстандық мектеп және колледж түлектері шақырылады.

Грант қандай шығындарды өтейді?

  • Барлық оқу мерзімін қамтитын білім гранты мен айсайын төленетін шәкіртақы
  • Білім ала отырып, жеке бизнесті жүргізу мүмкіндігі
  • Университет тәлімгерлерінің қолдауы мен табысты кәсіпкерлерден тәжірибе алу
  • АҚШ-тағы Babson College-де машықтану бағдарламасына қатынасу
  • Табысты стартаптарды дамыту үшін грант
  • Басқа қалалар мен аймақтар тұрғындары үшін жылына бір рет жол шығындарын өтеу

«БесТірек» Бағдарламасы жайлы толық ақпарат

 

«Кәсібіңді таңда!» Бағдарламасы

«Кәсібіңді таңда!» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі жастардың арнайы кәсіптік білім алулары үшін бағытталған. Бағдарлама мақсаты – белсенді өмірлік ұстанымы бар, кедергілерді еңсеруге талпынып, мамандыққа ие болуға және алған білімі мен дағдыларын келешекте қызметінде пайдалануға ұмтылатын мүмкіндігі шектеулі жастарды анықтау және қолдау. Байқауға Қазақстанның арнайы мектептерді бітіргелі отырған түлектері шақырылады. Байқаудың барлық кезеңдерінен сұрінбей өткен мүмкіндігі шектеулі жастар Қазақстанның кез-келген колледжінде ұнатқан мамандық бойынша білім ала алады.

Грант қандай шығындарды өтейді?

  • Барлық оқу мерзімін қамтитын білім гранты
  • Қазақстанның кез-келген колледжінде ұнатқан мамандық бойынша оқу
  • Ай сайын төленетін шәкіртақы
  • Белсенді студенттік отра

«Кәсібіңді таңда!» Бағдарламасы жайлы толық ақпарат

 

Өтінімдер онлайн түрде 2023 жылдың 31 мамыры Астана уақыты бойынша сағат 00.00-ге дейін қабылданады. Байқауға қатысу жайында сұрақтар туындаса, мына нөмірлерге хабарласыңыз: +7 (727) 331 13 14; +7 700 331 13 14 (whatsapp, telegram).

Мекен-жай:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.-сы, 050026

Байзақов к.-сі, 125, 307-кеңсе Тел: +7 727 331 13 14

Моб: +7 700 331 13 14

E-mail: info@ytf.kz

Веб-cайт: https://ytf.kz

Инстаграм: @tatishev.foundation