Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына!

2023 жылдың 01-15 наурыз аралығында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізілетін болады.

 

Ұйымдастырушы: «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

Орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,        М. Горький көшесі, 40;

Өтінімдерді қабылдау мәні: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына  сәйкес дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі.

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40;

Байланыс телефоны: 8 (7232) 71-32-57;

Электрондық пошта мекен-жайы: 254095@bk.ru   

Өтінім беру орны: «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40, 3 қабат, 316А каб;

Өтінім беру мерзімі: 2023 жылдың «01» наурызынан 2023 жылдың «15» наурызына дейін. 

Өтінім берудің басталу күні: 2023 ж. «01» наурыз.

Өтінім берудің аяқталу күні: 2023 ж. «15» наурыз.

 

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайтынын атап өтеміз.

 

Конкурстық құжаттамамен ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik/documents/details/adilet/P2100000773?lang=kk  сілтеме бойынша таныса аласыз.