Кәсіпкерлерге арналған ақпарат!

Кәсіпкерлерге арналған ақпарат!

Үкіметтің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілді: бірінші сұрыпты бидай ұны: бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (қалыптық), мүйіздер (салмақтық), қарақұмық жармасы (ядрица, салмақтық), ұнтақталған күріш (дөңгелек дәнді, салмақтық), картоп, асханалық сәбіз, пияз, ақ қырыққабат, ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-төс бөлігі, тауық еті (аналық және Берц сүйегі оған іргелес жұмсағы бар), пастерленген сүт, майлылығы 2,5% жұмсақ орамада, айран майлылығы 2,5% жұмсақ орамада, сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес, толтырғышсыз) ), тауық жұмыртқасы (I санат), ас тұзы ("Экстрадан" басқа), сүзбе: майлылығы 5 – 9%.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушісінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін асыруы ескерту жасауға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталап жасау шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 75 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару және төлемдер жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №397-VI Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар азық-түлік тауарларын өткізу кезінде шекті сауда үстемесінің мөлшері мен сыйақы мөлшерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.