Іздеуге лицензия алғысы келетіндер

Іздеуге лицензия алғысы келетіндер

Кен іздеушілікке лицензия алуға ниет білдіргендер Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.12.2018 жылғы №392 қаулысымен анықталған учаскені таңдайды, кейін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса жолдайды:

1) өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса;

2) өтініш беруші бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдалану жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушіліктің учаскесінде өткізу жоспарланып отырған кен іздеушілік бойынша жұмыстардың түрлері мен тәсілдерін сипаттауды қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

3) жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімінің электрондық көшірмесі;

4) егер өтініш беруші механикаландыру құралдарын кен іздеушілікке лицензияның қолданылуының бірінші жылы ішінде пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспарының электрондық көшірмесі.

Қарау мерзімі 7 жұмыс күнін құрайды.