Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына ҚР Үкіметінің 13.10.2021 жылғы №736 Қаулысымен өзгерістер енгізілуіне байланысты өтінімдерді беру мерзімі 2021 жылғы 8 қарашаға ауыстырылды.

Конкурсты ұйымдастырушы: ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

электрондықпоштасы: u.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz;

байланыс телефоны: 8 (7232) 71-32-61;

Конкурстыңнысанасы: "Бизнестіңжол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жаскәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Байқау түрі: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Qoldau.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2021 жылғы "8" қарашадан бастап 2021 жылғы 18 қарашасына дейін.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kasipkerlik?lang=kk