Облыс кәсіпкерлерінің назарына!

Облыс кәсіпкерлерінің назарына!

2021 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 16.00 де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында (Өскемен қ., М. Горький көшесі 40, 1- этаж, 108 конференц-залында) облыс әкімінің орынбасары Ш.С. Бұқтұғұтовтың төрағалығымен бизнес-қауымдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
Іс-шараға облыстың бақылау-қадағалау органдарының, ұйымдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің, кәсіпкерлер палатасы басшылары және бизнес-қауымдастықтың өкілдері қатысады.
Қатысуды 8(7232) 71-32-65 телефоны бойынша және 241883@mail.ru электрондық мекен-жайға растауға болады.