Alibaba алтын шоттарына өтінімдер қабылдау басталады

Alibaba алтын шоттарына өтінімдер қабылдау басталады

Қазақстанда ірі Alibaba.com халықаралық онлайн сауда платформасында Gold Supplier («Алтын жеткізуші») мәртебесін алу үшін компанияларды кезекті, үшінші іріктеу басталады.
Ағымдағы жылы қайта өңделген өнімді Alibaba.com-ға шығару үшін 50 қазақстандық өнім беруші іріктелетін болады.
Өтінімдерді қабылдау 15 маусымнан басталады және ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады, өтінімді export.gov.kz порталында мына сілтеме бойынша онлайн түрде беруге болады: https://export.gov.kz/sign_in?next=/export/export_support_measures/97
Қазақстандық экспортты Alibaba.com платформасы арқылы ілгерілету шеңберінде барлық ниет білдірген кәсіпкерлер үшін 17-18 маусымда платформада жұмыс істеуге оқыту бойынша вебинар өтеді.
Семинар барысында тіркеу процесі, сайт құру және платформада аккаунтты жылжыту егжей-тегжейлі қарастырылады. Оқыту вебинарына қатысу үміткерлерді Gold Supplier-ге іріктеу кезінде де ескеріледі.

Вебинарға қатысу үшін мына сілтеме бойынша сауалнама-өтінімді толтыру қажет - https://forms.gle/cY8pBFmN3h5KHtpv5 
2019-2020 жылдар аралығында Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Alibaba.com маркетплейстегі Gold Supplier мәртебесінде 100 отандық компания алды.
Қазіргі уақытта осы сауда алаңында 4 000-нан астам қазақстандық тауарлар орналастырылған: макарон өнімдері, ұн, бал, кондитерлік өнімдер, ет, сусындар, өсімдік майлары, жиһаз, киім, балаларға арналған тауарлар және тағы басқалар.
Бағдарламаға қатысушылар Alibaba.com платформасына шығару бойынша $45 млн-ға экспорттық келісімшарттар жасасты. Сатып алушылар негізінен Қытайдан, Македониядан, БАӘ-ден, Оманнан, ЕАЭО елдерінен және Орталық Азиядан тапсырыс берді.
Alibaba.com платформасы арқылы қазақстандық экспорттаушылар Оңтүстік-Шығыс Азия (Тамақ өнімдері), Таяу Шығыс (бал, ет өнімдері) елдерімен келіссөздер жүргізуде. Жақын шет елдер сүзгілер, тоқыма, электротехника сияқты тауар түрлеріне қызығушылық танытуда.

Отандық кәсіпорындарды Alibaba.com халықаралық электрондық платформасына шығару жөніндегі қызметтедің операторы «QazTrade» АҚ-ы болып табылады.