ҚР Ұлттық экономика вице-министрі ШҚО кәсіпорындарын аралады

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі ШҚО кәсіпорындарын аралады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

 Жұмыс сапары барысында ол «Молочный Экспрес» ЖШС-не, «DEMEY» оңалту және түзету орталығы қоғамдық бірлестігіне, сондай-ақ «Алтай» көтерме-тарату орталығына барды.

Сапар аясында Ерлан Сағнаев облыс әкімдігі ғимаратында Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.