ШҚО: бағаны тұрақтандыру шаралары

ШҚО: бағаны тұрақтандыру шаралары

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 102,6%-ды құрады (ел бойынша – 101,5%).

Бағаны тұрақтандыру үшін күріш, май, қарақұмық, қант, тұз және макарон өнімдері секілді бірінші қажеттіліктегі тауарлар бекітілген бағамен жеткізілуде.

Жеңілдетілген несие аясында сиыр еті кейбір сауда орындарында 2790 теңге/кг бағамен сатылуда.

Жаз мезгілінде келісімшарттар негізінде картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат жеткізіледі.

Облыста «Ертіс» ӘКК-нің 47 сауда нысаны жұмыс істейді. Мұнда азық-түлік өнімдері төмен бағамен ұсынылады.

Бағаны тұрақтандыру бағдарламасына 4,5 млрд теңге бөлінді.

Жыл басынан бері сауда үстемесін асыру фактілері бойынша 61 әкімшілік іс қозғалып, 763 725 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, өңірде жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері 224 жәрмеңке өткізіліп, тауар айналымы 1,039 млрд теңгені құрады.

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін өндірушілермен және сауда желілерімен меморандумдар жасалуда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасуда.