Өңір кәсіпкерлеріне арналған «Тұрақтылық формуласы» атты дөңгелек үстел өтті

Өңір кәсіпкерлеріне арналған «Тұрақтылық формуласы» атты дөңгелек үстел өтті

«Заң және тәртіп» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өңір кәсіпкерлеріне арналған «Тұрақтылық формуласы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға сарапшылар, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік органдардың, прокуратураның және бизнес өкілдері қатысты.

Кездесу барысында бизнесте заңдылық пен ашықтықты сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Осы бағытта кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Арман Есентаев пен С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың сениор-лекторы Аксана Каленова баяндама жасады.

Арман Есентаевтың айтуынша, құқықтық тәртіп – тұрақты әрі табысты бизнестің басты негізі.

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» Қазақстандағы кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметтің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттары мен кепілдіктерін, сондай-ақ кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау тетіктерін айқындайды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары Бірыңғай тексерулер тізілімі (ЕРСОП), инвесторларды қорғауға арналған прокурорлық сүзгі және үй-жайларды тексеруге қатысты сот бақылауы сияқты құралдар арқылы жүзеге асырылады.