Тасымалдаушылардың проблемаларды шешу бойынша ұсыныстары ҚР Үкіметіне жолданады

Тасымалдаушылардың проблемаларды шешу бойынша ұсыныстары ҚР Үкіметіне жолданады

ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Арман Есентаев тасымалдаушылармен өткен кездесуге қатысты.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» алаңында кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, көліктік бақылау инспекциясы, Автомобиль көлігі комитеті, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен логистика, жолаушылар және жүк тасымалы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер арасында кездесу өтті.

Кездесу құқық қолдану тәжірибесі мен заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты көздейтін «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттарын Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде міндетті тіркеу, жол парақтары мен маршруттарды алу, шот-фактураларды рәсімдеу және басқа да мәселелер көтерілді.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс тобы құрылып, бизнес субъектілерінің ұсыныстары мәселелерді шешу үшін ҚР Үкіметіне жолданатын болады.