Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Сізді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі ЕҚДБ бастамасы шеңберінде іске асырылатын "Орта бизнес кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру" бағдарламасына қатысуға шақырады.
Бұл бағдарламаның мақсаты-болашақ салалық көшбасшылардың қалыптасуына ықпал ету және жоғары инвестициялық әлеуетті көрсететін қазақстандық кәсіпорындардың өсуін жеделдету. Қатысушыларға бизнес-процестерді және нарықтық позициялауды терең диагностикалауды қоса алғанда, құралдар кешені, сондай-ақ бизнесті масштабтау үшін стратегиялық даму және инвестициялар тарту бойынша консультациялық қолдау ұсынылатын болады.
Қатысуға жылдық айналымы кемінде 3 миллион еуро (шамамен 1,8 млрд теңге) болатын өнеркәсіп секторының жеке жергілікті кәсіпорындары шақырылады.
Кіріспе кезең ретінде ЕҚДБ барлық мүдделі кәсіпорындарды foresight Camp (Форсайт-кемп) – стратегиялық болжауды қарқынды оқытуға шақырады, онда Қазақстандағы бизнес-ортаның перспективалары және негізгі әлемдік бизнес-трендтер туралы ақпарат ұсынылады. Тренинг 12-14 мамырда Rixos Borovoe-да өтеді. Практикалық нәтижеге қол жеткізу үшін бір кәсіпорыннан қатысушылардың ұсынылатын саны - 2-3 адам.
Foresight Camp-қа тіркелу үшін мына сілтемеге өтіңіз:
http://foresight-camp.kz.foresight-camp2026 / 

Қатысу критерийлеріне сәйкес келетін және форсайт-кемп шеңберінде практикалық жұмыс қорытындылары бойынша неғұрлым перспективалы бизнес-модельдерді ұсынған Топ-20 компания кәсіпорынның жеке диагностикасына және инвестицияларды тарту және басқару жөніндегі құзыреттерді дамыту бағдарламасына қатысуға шақырылатын болады.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша бағдарлама үйлестірушісі Татьяна Шпулингке электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: shpulint@ebrd.com