
15 сәуірде кәсіпкерліктің болашағы мен Шығыс Қазақстан облысының дамуына арналған «ALTAY BUSINESS» форумы өтеді.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы даму стратегиясын таныстырады, сондай-ақ бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалог форматында негізгі өсу бағыттары талқыланады.
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлерді белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл — маңызды ақпаратты естіп, өз пікіріңізді білдіріп, жаңа өзгерістердің бір бөлігіне айналу мүмкіндігі.
#businessforum #altay #бизнесфорум