Онлайн-семинар: Бизнесті дамытуға қолдауды қалай алуға болады

Онлайн-семинар: Бизнесті дамытуға қолдауды қалай алуға болады

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ негізгі даму институттарымен — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «Qazpatent» Зияткерлік меншік ұлттық институты, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК,
сондай-ақ «Атамекен» ҰКП қолдауымен кәсіпкерлерді, оның ішінде жұмыс істеп жүрген және әлеуетті экспорттаушыларды бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша тегін онлайн-семинарларға қатысуға шақырады.

Семинар бағдарламасында:

  • Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған өзекті қаржыландыру бағдарламалары
    • Кепіл жеткіліксіз болған жағдайда баламалы шешімдер
    • Экспорттық мәмілелер кезіндегі тәуекелдерді азайту
    • Шетел нарықтарында сенімді сатып алушыларды іздеу
    • Бизнес үшін тауар белгісін тіркеудің артықшылықтары
    • Өндіріс шығындарын ішінара өтеу
    • Қай жерден тегін кеңес пен қолдау алуға болады?

Сондай-ақ бизнесіңізді дамытуға арналған көптеген пайдалы ақпарат ұсынылады.

Семинарларға қатысу тегін және тек тіркелген қатысушылар үшін қолжетімді.
Тіркелу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, кәсіпорныңыз орналасқан өңір мен күнді таңдауыңыз қажет:
https://forms.gle/3LBX336RELhnA6mg8

Шығыс Қазақстан облысы үшін семинар өткізу уақыты - 2026 жылғы 28 мамыр (басталу уақыты – 11:00)

Семинарға арналған ZOOM сілтемесі тіркелген қатысушыларға семинардан бір күн бұрын тіркеу кезінде көрсетілген e-mail және WhatsApp нөміріне жіберіледі.

Семинарлар бойынша сұрақтар туындаған жағдайда «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ бизнес-тренері Шарбану Байгошкароваға хабарласуға болады:
📞 +7 707 396 67 87
📧 sh.baigoshkarova@kazakhexport.kz